Dream Job аккаунтын жою
Dream Job жеке кабинетінің аккаунтын (dreamjob.kz сайты және Dream Job қосымшасы) кез келген уақытта жоюға болады.
- Сайтта немесе қосымшада жеке кабинетке кіріңіз.
- «Компания туралы» бөлімін ашыңыз.
- «Аккаунтты жою» батырмасын басып, жоюды растаңыз.
Кабинетке кірмей
Кіре алмасаңыз, шартта көрсетілген телефон нөмірінен WhatsApp +7 708 008 0057 нөміріне жазыңыз немесе кеңсеге келіңіз. Сұраудың сізден келгенін тексеріп, аккаунтты жоямыз.
Деректерге не болады
- Кабинетке кіру деректеріңіз (email және құпиясөз) және құрылғылардағы сақталған кірулер бірден жойылады.
- Менеджеріңіз сізбен хабарласып, қандай дербес деректерді жою керегін нақтылайды. Сақтауға міндетті емес деректердің бәрін жоямыз.
- Шарт, төлем құжаттары және компания Қазақстан Республикасының заңы бойынша сақтауға міндетті деректер заңда белгіленген мерзім бойы сақталады, содан кейін жойылады.
«Dream job KZ» ЖШС, БСН 180640003526. Алматы, Әл-Фараби даңғ., 17к4Б, «Нұрлы Тау» БО, 506-кеңсе.